27.10.2022ж. Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледж кітапханасында ШК-19-9 тобының студенттері мен топ жетекшісі Э.И.Калкенованың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Қазақстанның салт-дәстүрі кітап дерек көздерінде» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.А.Сыйырбаева, бөлім меңгерушісі С.О.Ерменбетова, кітапханашы Ш.Б.Қожамұратова және ФК-22-9, ИЯ-20-9 тобының студенттері қатысты. Халқымыздың салт-дәстүрін, асыл қазыналарын дәріптеуге арналған «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін» деп аталатын 5 томдық жинақпен таныстыру мақсатында өткен іс-шараның болашақ ұрпақ тәрбиелеуде танымдық маңызы зор болды. Қыз бала тәрбиесіне қатысты халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдары туралы айтылып, көріністер көрсетілді. Іс-шара барысында колледж басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Е.М.Смағұловтың «Қазақтың ас беру дәстүрі: әлеуметтік-саяси қызметі» тақырыбындағы ғылыми еңбегі туралы да ақпарат берілді.
Топ жетекшісі Э.И.Калкенова
Комментарии