2022 жылдың 22 қазанында Балқаш қаласы Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде Республика күні мерекесіне орай «Отан болашағы» дебат клубының жетекшісі Амантаев Ж.А мен клуб мүшелері «Егемендік – елдің баға жетпес игілігі!» тақырыбына топтар арасында турнир өткізді. Команда мүшелерінің тақырып бойынша дайындықтары пікірсайыс кезінде жоғары деңгейде болғаны байқалды. Ол қатысушылардың кез-келген тығырыққа әрқашан ойластырылған, деректерге негізделген сенімді де нақты жауаптарынан анық көрінді. Іс-шара төрешілер мен қатысушыларға ғана емес көріп отырған студенттердің де қызығушылықтарын арттырды.
Дебат клубының жетекшісі — Амантаев Ж.А. және Колледж әкімшілігі
Комментарии