«Құқықтық сауаттылық — заман талабы»

04-ші қарашакүні «Құқықтық сауаттылық — заман талабы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа құқық қорғау ұйымдарынан адамдар қатысып, сөз кезегінде ата-аналарға полиция майоры Сыздыков А. М. кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы баяндама жасап, колледж инспекторы Кобелдесова С.Т. жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселесі бойынша тоқталып өтсе, прокурор Асаинов Ж. Т. жалпыға бірдей құқықтық білім беру тақырыбында сөз қозғады.

Колледжіміздің заңгері  Култасова А. А. ата-аналарды колледждің ішкі тәртіп Ережесімен таныстырды. Ал директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыйырбаева З.А. ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларындағы колледж студенттерінің жетістіктері туралы баяндама оқыды.

Дайындаған: Сыйырбаева З.А.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *