«Шетте жүрген бауырларға» атты ашық сабақ

Тілдер бірлестігінің үшкүндігіне орай, 16 қараша күні АВТ-22-9 тобында қазақ әдебиеті пәнінен Оразақын Асқар » Шетте жүрген бауырларға» тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы қазіргі қоғаммен салыстыра отырып, өз пікірлерін айту.

Жаңа сабақты меңгертіп, сапалы білім беріп, студегттердің белсенділігін ояту мақсатында топтық, жұптық, жекелік жұмыстар жүргізіліп, әртүрлі әдістер қолданылды. «Миға шабуыл» әдісі арқылы елге оралған қандастарымыздың өзекжарды бейнебаяны көрсетіліп, жаңа тақырыпты студенттердің өздеріне табуға ықпал жасалды. Студенттердің шеберлігін шыңдау мақсатында «Баспахана», » Телестудия», «Әдебиетшілер» әдістері қолданылды

«Баспахана» әдісі бойынша тақырыпты қазіргі өмірмен салыстыра отырып газетке мақала дайындаса, » Телестудия» әдісі арқылы келген қонақтардан сұхбат алынды.» Әдебиетшілер» өлеңге сюжеттік- композициялық талдау жасады. «Үш ұялы телефон әдісі бойынша студенттермен кері байланыс жасалды. Тақырыпты жан-жақты меңгерту мақсатында әдебиет әлеміне ғұмырын арнаған аяулы ақынымыз Оразақын Асқар туралы бейнебаян, деректі фильмдер көрсетілді.

Омарова С.Ж.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *