Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын

Биыл қастерлі тәуелсіздігімізге 31 жыл толып отыр. Бұл қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата –бабаларымыздың аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес.

15.12.2022ж. Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы –техникалық колледжіндеелдігіміздің, егемендігіміздің нышаны болар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік тірегіміз» атты салтанатты іс шара болып өтті.

Мақсаты: 

  • Еліміздің жүріп –өткен жолымен, Тәуелсіздік шежіресімен таныстыру, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру;
  • Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын  үлгі ету;
  • Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін, салт – дәстүрін, тарихын құрметтейтін жаны таза, рухы мықты азамат тәрбиелеу.
  • студенттердің танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік  ұстанымын қалыптастыру.

         Салтанатты жиында  колледж директоры тарих ғылымдарының кандидаты

 Смағұлов Е. М.  Мерекелік құттықтау сөзі мен жылы лебізін білдіріп, оқуда, қоғамдық жұмыстарда, спорттық жарыстарда өнерімен көзге түскен студенттерді  марапаттады.

Марапаттаулардан кейін  оқу орнының өнерпаздары мен білім алушылары Отан, туған жер, тәуелсіздік туралы  патриоттық рухтағы шығармаларды орындады.Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанат концертік бағдарламамен аяқталды. Мерейі биік бұл мереке коллледж шаңырағында жоғары деңгейде аталып өтті.

    Тәуелсіздігіміз, елдігіміз, егемендігіміз – мәңгілік елге бастап барар тірегіміз болмақ. Әрқашан көк туымыз ашық аспанымызда желбірей берсін!

Ұйымдастырушылыр: ШК-21-9(А)тобы, Жахметова Б.К. ТТ-21-9 тобы, Балтабаева М.А.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *