Өндірістік тәжірибе ДВ-21-9

2022 жылдың 23 қараша күні ДВ-21-9 дуалды оқыту тобында «Жұмысшы біліктілігін алуға арналған  өндірістік  тәжірибе» бойынша бағдар беру конференциясы өтті, оған директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары О.В.Буйненко  және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» ПӘБ оқытушылары Н.Т.Оразхан мен Ж.Ж.Лекерова қатысты. ПӘБ оқытушылары ДВ-21-9 тобының дуалды оқыту бағдарламасы бойынша өндірістік тәжірибеге арналған «Студент және әдіскер» күнделігін әзірледі. Конференцияда машықкерлердің мақсат-міндеттері таныстырылып,  тәжірибе күнделігін толтыру үлгісі берілді. Студенттер педагогикалық әдеп ережелерін еске түсіріп, «Педагог мәртебесі туралы» заңмен тағы бір рет таныстырып, әр іс-тәжірибе түрі бойынша жан-жақты нұсқаулар берілді. Медициналық тексеруден және екпеден өтуді тексеруге ерекше назар аударылып, бақылауға алынды. Әдіскерлерлер студенттер тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берді және кәсіби тәжірибеде сәттілік тіледі.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» ПӘБ жетекшісі: Оразхан Н.Т.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *