Техникалық пән әдістемелік бірлестігінің әдістемелік үшкүндігі (ТРИАДА)

2022 жылдың 20 ақпанынан 22 ақпан аралығында техникалық пән әдістемелік бірлестігінің әдістемелік үшкүндігі өтті. Техникалық пән әдістемелік бірлестігінің әзірлеген жоспары бойынша барлық оқытушылар жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде арнайы білім беретін пән оқытушылары ашық сабақтарын өткізді. Сабақ барысында жаңартылған оқыту жүйесімен қажетті дағдыларды дамытуға ықпал ететін әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Техникалық пән әдістемелік бірлестігінің әдістемелік үшкүндігі барысында 3 ашық сабақ және 2-3 курс студенттері арасында түсті металдар металлургиясы бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция мен колледжішілік «WorldSkills» чемпионаты өткізіліп, ПӘБ оқытушыларының әдістемелік өнімі қорғалды.

Әдістемелік үшкүндіктің бірінші күні бірлестік жетекшісі Ж.Н.Байдилдаевтың ОП-20-9 тобында «Правила коммерческого осмотра железнодорожных транспортных средств» пәні бойынша ашық сабағымен басталды. Б.Ш.Жумартов пен Г.Р.Абильдина түсті металдар металлургиясы бойынша ғылыми-тәжірибелік конференциясын ТТ-21-9, ОП-20-9, ОП-21-9 топтарының қатысуымен өткізіп, конференцияда МЕТ-20-9 және МЕТ-21-9 топтарынан 9 студент жұмыстарын қорғады.

       Әдістемелік үшкүндіктің екінші күні оқытушы Е.Н.Маркин «Охрана труда-беречь себя» атты интерактивімен басталды. Интерактивке қаламыздың медициналық колледжінен арнайы маман мен студенттер келіп, колледжіміздің 2-3 курс студенттеріне алғашқы көмекті қалай көрсету керектігін көрсетті. Колледждің техникалық бөлімінің «Эврика» ғылыми студенттік қоғамының жетекшісі Н.Б.Байров ПС-21-9 тобымен «Конструкция вагонов» пәнінен ашық сабақ өткізді. Пән әдістемелік бірлестігінің оқытушыларының ұйымдастыруыменен «Ремонт и эксплуатация подвижного состава», «Управление перевозочным процессом железнодорожном транспорте» компетенциялары бойынша колледжішілік «WorldSkills» чемпионаты өте жоғары дәрежеде өтті.

      Әдістемелік үшкүндіктің үшінші күні оқытушы М.Н.Сагимбекованың ТТ-20-9 тобымен «Жылумен қамтамасыз етудің қазандық қондырғылары» пәнінен ашық сабағы өтті. Пән әдістемелік бірлестігінің оқытушыларының ұйымдастыруыменен «Ремонт и эксплуатация подвижного состава», «Управление перевозочным процессом железнодорожном транспорте» компетенциялары бойынша колледжішілік «WorldSkills» чемпионаты жалғасын тауып, соңында жеңімпаздар марапатталды. «Түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша К.Д.Махатова және «Эксплуатация, ремонт и техническое обслуживание вагонов и рефрижераторного подвижного состава железных дорог» мамандығы бойынша Е.В.Токарчук өздерінің әдістемелік өнімдерін қорғап, әдістемелік үшкүндіктің қорытындысы жасалды.

Ашық сабаққа колледж әкімшілігі, жас мамандар, сонымен қатар сабақ кестесі бойынша бос оқытушылар қатысып, әр оқытушы өзінің оқытудағы қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, тәжірибе алмасу мақсатында, өз пікірлерін білдіріп, сабақтар талданды.

Колледж әдіскері Хали А.К.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *