«Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді» әдеби- талқылау кеші»

Қазақ прозасында өзіндік орны бар қаламгер Оралхан Бөкейдің  80 жылдығына орай «Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді» әдеби- талқылау кеші 27 ақпанда  қазақ прозасында өзіндік орны бар қаламгер Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай Қарағанды облысы Ресурстық тіл орталығымен   және оқытушы Б.К.Жахметовамен бірлескен «Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді» әдеби- талқылау  кеші ұйымдастырылды. Республика көлемінде аталып өтіп жатқан іс -шараға «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының ШК-22-9 тобы         студенттері қатысты.

Талқылау кешінің мақсаты: мемлекеттік тіл саясатын насихаттау; көркем шығарма оқуға оқырман  қызығушылығын арттыру; студенттердің тілін дамытып, сөздік қорын молайту;  биыл  республика көлемінде аталып өтіп жатқан О. Бөкейдің 80жылдығына үлес қосу; 

Кештің барысында студенттер «Атау-кере»повесінің әр кейіпкеріне талдау жасап,өз ойларымен бөлісті. Шығармада көтерілген негізгі мәселені атап өтіп, нақты мысалдармен дәлелдеді. Кейіпкер бейнесін ашу мақсатында жыр шумақтарына да кезек берілді.   Шара соңында  белсенді қатысқан студенттерге Сертификат табыс етілді.

Қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің оқытушысы  Б.К.Жахметова.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *