6.04 23 -13.04.2023ж аралығында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Ресурстық тіл орталығы«Латыннегізді әліпбидің жетілдірілген нұсқасы және емледегі өзгерістер» тақырыбында оқыту курсын ұйымдастырды.
Мақсаты: қазақ жазуын латын графикасына көшіру үдерісіндегң жаңалықтарға байланысты мамандарға әдістемелік көмек көрсету; жетілдірілген әліпби нұсқасы және емледегі өзгерістерді түсіндіру;оқытушылар мен әдіскерлердің кәсіби біліктілігін арттыру.
12 сағаттық оқыту курсы алдын ала әзірленген бағдарлама бойынша дәрістер мен тренингтер өткізіп отырды. Ресурстық тіл орталығының әдіскері Жақан Жұпар Рысқұлқызы « Латынға көшу стратегиясы» тақырыбында дәріс оқып, латынға көшу стратегиясы, ауызша тіл мен жазбаша тіл, қазақ тілінің орфоэпиясы, айтылым нормалары, сондай –ақ Қазақстан Республикасындағы «Тілдерді дамытудың 2023-2028 жылдарға арналған Тұжырымдамасы» жобасына тоқталып өтті. Курс барысында «Жаңа қазақ әліпбиінің графикасы мен құрылымы», таныстырылды. Бес күн бойы жетілдірілген әліпби нұсқасы, емле ережесі туралы ақпарат алған қатысушылар бақылау тапсырмаларын орындап, диктант жазды, түрлі тақырыпта мәтіндер оқыды.
Курс соңында тыңдаушыларға Сертификаттар беріліп, іс-шараның қорытындысы жасалды.
Оқытушы: Б.К.Жахметова
Комментарии