25.09 – 06.10.2023ж аралығында Қарағанды техника – құрылыс колледжінде «Talap» КЕАҚ ұйымдастыруымен өткен арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы болып өтті.
Курст барысында білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қажетті жаңартылған нормативті – құқықтық актілермен, білім беру жоспарлары мен бағдарламаларын, сабақ жоспарларын жасауға қойылатын талаптармен, кәсіптік білім берудегі негізгі педагогикалық технологиялармен таныстық. Топқа тренеріміз Төлеуова Айнұр Төлешовна жетекшілік етіп, білім-білігімен, тәжірибесімен бөлісіп, бірнеше күндер бойы дәрістер оқып, бағыт-бағдар беріп отырды. Бұл кісі — негізінен қазіргі заман талабына сай жаңашылдық пен оқу үрдісін үлкен шеберлікпен жүйелі түрде жүргізе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, әріптестерімен тіл табысып, оларды игі іске жұмылдыра алатын, нәтижеге қол жеткізуде тәжірибесі мен білімін үйретуден жалықпайтын, өзі де білуге, үйренуге құмар, жұмысын жетік меңгерген білікті маман, кәсіби аға оқытушы. АйнұрТөлешовна курстың мақсатымен, өту барысымен таныстырды, барлық материалды толық, қызықты және түсінікті түрде жеткізді. Курстың нәтижелі өтуі қатысушылардың бір-біріне қолдау білдіріп, ықпалдаса әрекет етуіне тікелей байланысты болды. Тренеріміздің өзіндік сабақ беру әдістері, сөйлеу мәнері, әріптестерімен жұмыс істеу тәсілі, қарым-қатынас жасау ерекшеліктері үлгі болады.
Кәсіби біліктіліктерімізді арттыруда қажетті және маңызды білімдерді қамтыған курсты ұйымдастырып, өткізгені үшін «Talap» КЕАҚ және тренеріміз Төлеуова Айнұр Төлешовнаға алғысымды білдіреміз. Тренердің кәсіби шеберлігінің арқасында курс жоғары деңгейде өтті.
Бұл курстың тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытып, білім-білігін жетілдіруде көп пайдасы тиген, үлкен әсер қалдырған оқу болды.
Оқытушы: Жахметова Б.К., Калкенова Э.И.
Комментарии