23 қазан күні Республика күніне орай қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы Жахметова Балжан Көшкімбайқызы облыстық Ресурстық орталықпен бірлесе отырып, Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» жыр жинағының идеялық мәні» тақырыбында пікірталас өткізді. Азаттықтың жаршысы Міржақып Дулатұлы шығармашылығы мен тәуелсіздікті ту еткен идеясы ұйымдастырылған іс –шараға ұйытқы болды
Іс-шараның мақсаты:
- Ұлт жанашыры, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының мұрасын көпшілікке насихаттау;
- «Оян, қазақ» жинағының тақырыптық- идеялық мәнін ашу;
- «Оян, қазақта» көтерілген мәселенің бүгінгі күні де өзекті екенін ескере отырып, әлішешімін таппаған мәселелерді ортаға салу;
- Жас ұрпақтың отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін ұштау.
Шараны облыстық Тілдерді дамыту орталығының бөлім меңгерушісі Жақан Жұпар Рысқұлқызы сөз сөйлеп, мерекелік құттықтауымен бастап берді.
Пікірталасқа «Бастауыш білім беру» мамандығының 1-2 курс студенттері белсене қатысып, білімдерін көрсетті. М.Дулатұлының өмір жолы туралы баяндап, өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар сұрақтарға жауап беріп, ойларын ортаға салды.
Іс –шараның мазмұнды ұйымдастырылуына мұрындық болған колледж оқытушысы Б.К.Жахметоваға Ресурстық тіл орталығы атынан Алғыс білдірілді.
Өмір бәйгесінде білімімен, білігімен сынға түсетін жастарымыздың қатары арта берсін!
Оқытушы: Б.К.Жахметова
Комментарии