«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт»

Қараша айының жиырма төрті күні «Балбұлақ» пресс-клубының жұмыс жоспары бойынша «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында студенттерге адалдық пен әділдік туралы түсінік бере отырып ақиқат құндылығының мәнін неде екені айтылды. Адами қарым –қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы, өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы, туралы түсіндірілді. Студенттердің адалдық пен әділдікті, кішіпейілділікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпалын тигізе алды.

Отырыс кезінде Шәкәрім Құдайбердіұлының «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи. Ғибадат пен адалдық ар үшін жи»-деген нақыл сөзімен бастау алды. Сонымен қатар қатысушы студенттерге сұрақтар ұсынылды:

  • Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?
  • Сендердің де адал достарың бар ма?
  • Сенің адалдыққа деген сенімін қандай?

Отанды сүю оның қадіріне жету ол әр қазақтың ұлы мен қызының парызы. Өткенді түсініп алмай болашаққа қадам басу жүйелі іс емес. Әр тарихтың артында ізгі бір құдірет жатыр. Кешегі бабаларымыз айтқандай «арлының ісі адамшылықтан шығады» демекші бастапқы көш қалай жүрсе артқы көште солай қозғалады. Әділетті ел болуымыз үшін адалдық жолына түсуіміз, ең бірінші орындайтын мақсатымыз.

Адалдық жолында түскен елден адал ұрпақ шығатыны айдан анық. Көк күмбезден тараған аталы жұрттан асып кету, қадірсіздіктен қалған адамдай тең. Отырыстың да мақсаты осыған байланысты. Жақсы ұрпақ, елдің ертенің ойлайтын ұрпақ тәрбиелеу. Қазақ халқынан жарқын, адал ұрпақ шығатынына біз сенімдіміз.

Клуб жетекшісі: Дукенбаева Г.Е.

  Клуб төреағасы: Түсенов Н.М.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *