“Тіл — өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем” тағылым сағаты

Желтоқсан айының 07 күні «Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемелер бірлестігі» үшкүндігіаясында  ШК-22-9 тобы студенттерінің ұйымдастыруымен «Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» тағылым сағатыболып өтті. 

Мақсаты:• Студенттердің өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру;• Тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету;• Өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту;• Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. 


              Ұлттық болмысымыз бен руханиятымыздың айнасы болған ана тіліміздің мерейін асқақтату, Біртұтас тәрбие бағдарламасын насихаттау, еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше, қазақ әдебиетінің майталмандарының мерейтойларын: (Ұлы тұлға Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы; С.Көбеев — 145 жыл;Ж.Аймауытов  — 135 жыл; М.Жұмабаев – 130 жыл;С.Торайғыров – 130 жыл; С.Сейфуллин- 130 жыл) насихаттау мақсатында өткізілген тағылым сағатының тәлім – тәрбиелік мәні өте зор болды.

         2курс студенті Түсенов Нұрдос   өзінің жүрекжарды арнау өлеңімен ашып берді. Ана тіліне деген құрмет сезімдерін студенттер өнерлерін паш етті. «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі», Шешендік өнер –ұлттық құндылық» тақырыбында  презентацияларын ұсынды. 

       Абай мұрасы — қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы. Тағылым сағатында студенттер ұлы ақынның өлеңдерін, ана тілі туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып, үлкен жауапкершілікпен белсеене қатысты. «Тіл – өлшеусіз қазына» тақырыбында әдістемелік жинақтар таратылды.

        Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады! Ана тіліміздің жауһар құндылығын сақтайық!

        Тағылым сағаты «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.

Ұйымдастырушы: қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы  Жахметова Балжан Кошкимбаевна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *