«Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалды ойыны

     «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» — деп Абай Құнанбаев айтқандай, кітап – өмір ұстазы. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. «Өзіңді өзің тану үшін кітап керек, өзгені  тану үшін кітап керек».   Шынымен де, кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.

      22 желтоқсан күні «Оқуға құштар колледж»  аясында ШК-21-9(А)тобының ұйымдастыруымен  ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің шығармашылығы бойынша «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалды ойыны болып өтті. 

Мақсаты:

1. Студенттердің көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру; 

  2. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық  шығармашылығымен таныстыру;

2.  Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге,  өзіндік  пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

3. Студенттерге ұлттық құндылықтарды насихаттау.

        Интеллектуалды ойынға ШК-22-9 тобының студенттері қатысып, білімдерін, кітап оқуға деген құштарлығын білдірді. «Алғырлар» мен «Білгірлер»топтары қазақтың ұлы тұлғаларының бірі педагог,ағартушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, шығармашылық жұмыстарын бейнеролик, презентация үлгісінде ұсынды. Сайыс   «Ой қозғау», «Сұрақ-жауап», «Поэзия сағаты»кезеңдерінен тұрды.

         Студенттер поэзия сағатында ұлы тұлғаның шығармаларын, өлең-шығармаларын мәнерлеп оқыды. 

           «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген қазақ даналығы бекер айтылмаса керек. Еліміздің болашағы жарқын болу үшін, ең алдымен жастарымыз білімді, кемел мінезді, ойы, сөзі, ісі бір, бәсекеге қабілетті, рухани деңгейі жоғары, кәсіби маман болуы қажет. Ол үшін кітап оқу керек.

Жауапты: Жахметова Балжан Кошкимбаевна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *