26.12.2023-28.12.2023ж. аралығында «Электротехникалық пәндер» бірлестігі үшкүндігі өтті. Пән әдістемелік бірлестігің мақсаты: Өздігінен жұмыс істеу шеберлігін, білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруда, жан-жақты маман тәрбиелеуде оқытудың белсенді және интербелсенді әдістерін тиімді пайдалану, оқытушылардың кәсіби шеберлігін шыңдау. Бірлестік мүшелері үшкүндік аясында өнімді жұмыс жасап,жоспарланған барлық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізді.
26.12.2023 күні ПӘД оқытушыларының қатысуымен үшкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Абдрахманова А.С мұғалімінің жауапкершілігімен ЭС-21-9 студенттерімен «Монтаж силового и осветительного оборудования» атты ашық сабақ өткізілді. Сабақта мұғалім мақсатқа жету барысында белсенді әдіс-тәсілдерді қолданып, мақсатқа толықтай жетті. Студенттер белсенді қатысып, өз деңгейлеріне сай түрлі бағалау әдіс-тәсілдерімен бағаланды.
27.12.2023 күні Э-22-9 тобымен «Защита отчетов по практике» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара жоғарғы деңгейде өтіп, студенттер өте белсенді қатысты. мұғалім белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өз мақсатына жетті.
27.12.2023 күні Ахметов А.Б мұғалімінің жауапкершілігімен « Өнеркәсіп электроника негіздері пәнінен дәрістер жинағы» атты студенттермен іс-шара өткізілді. Сабақтың ерекше тұсын атап өтетін болсақ, топтық жұмыста студенттер өздерін еркін ұстап, ойларын еркін жеткізді. Жәнеде әр тапсырмада студенттер түрлі тәсілдермен бағаланды. Сабақ соңыңда студентмен рефлексия және кері байланыс жүзеге асырылды. Сабақ жоғарды деңгейде өтті. АВТ-22-9 тобының студенттерімен «Автоматтандырылған құрылғыларды монтаждау және пайдалану» атты ашық сабақ жүзеге асырылды. Жауапты мұғалім: Ахметов А.Б. Көрнекілік ретінде аудиториядағы белсенді тақтаны,карточкалар,жұмыс парақтарын,үлестірмелі матералдарды қолданды.
Комментарии