2024-2025 оқу жылы сәтті басталып, қыркүйек айының 6 күні колледж әдіскерінің ұйымдастыруымен оқыту микросеминары өтті. Оқыту микросеминардың негізгі мақсаты бойынша «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» №130 бұйрық негізінде оқытушылардың оқу-әдістемелік құжаттарының дайындалуы, оның ішінде оқу жұмыстық бағдарлама, сабақ жоспарлары, каленьдарлық-тематикалық жоспарлардың қолдану үрдісімен таныстырылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Семинар барысында оқытушылармен кері байланыс жүргізіліп, көкейдегі ой сұрақтарға жауап алумен жұмыс нәтижелі жүзеге асырылды.
Колледж әдіскер: Хали А.К
Комментарии