«Ақылдылар мен алғырлар» әдеби ойын

29 наурыз күні  оқытушы  Жахметова Балжан Көшкімбаевнаның ұйымдастыруымен «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс студенттері арасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Ақылдылар мен алғырлар» әдеби ойын болып өтті.

Мақсаты: болашақ мамандардың  қазақ әдебиетіне, ана тіліне  деген сүйіспеншілігін арттыру; жан –жақты интеллектуалды ой –өрісін, көркем сөйлеуін, тіл байлығын дамыту; меңгерген білімдерін іс жүзінде қолдана білу,  іскерлік дағдыны қалыптастыру.

Әдеби ойын 5 кезеңнен тұрады: «Бәйге», «Сөздің көркі – мақал», «Ғажайып жетілік», «Өлең – сөздің патшасы», «Жорға». Топ студенттері білімдерін, шығармашылығын көрсете алды, әр тапсырманы үлкен жауапкершілікпен орындады.Таныстыру кезеңінде презентацияларын ұсынып, ақын –жазушылардың шығармаларын нақышына келтіре оқыды.

Әдеби ойынға 1курст суденттері шақырылды, олар өз әсерлерімен бөлісті.

Жахметова Балжан Көшкімбаевна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *