«Абай- ұлттың ұлы ұстазы»

23.05.2025 жылы Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы- техникалық колледжінде кітапханашылардың ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай- ұлттың ұлы ұстазы» атты ауқымды колледж ішілік байқау өткізілді. III кезеңнен тұрған байқауда, Iжәне II курс студенттері, атап айтқанда: ШК-24-9, ШК-23-9, МТ-24-9, БСД-23-9,         МЕТ-24-9, ИЯ-24-9, ИЯ-23-9, АВТ-24-9 топтары қатысып, өзара бақсынасты.

Байқаудың негізгі мақсаты: Ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абайдың шығармашылығын дәріптеу, оның рухани мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, ұлттық сана мен мәдениетті дамыту. Сонымен қатар, бұл байқау арқылы жастардың әдебиетке, өнерге, тарих пен тілге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін ояту көзделеді.

Байқауда Абай Құнанбайұлының өлеңдері, қара сөздері жатқа оқылып, әндері шырқалды. Топтар ұяшық таңдау арқылы, ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылық жолына қатысты сұрақтарға жауап берді. Қазақстан Республикасының колледждерінің үздік 100 студенті қатарына кірген, әділ-қазы алқасының мүшесі ШК-22-9 тобының студенті Түсенов Нұрдос сөз сөйлеп, Абай Құнанбай ұлына арнау өлеңің оқыды.  Әділ- қазылар әр кезең бойынша топтарды бағалап, нәтижесінде:

ШК-23-9тобы I орын

ШК-24-9 және МТ-24-9 топтары II орын

МЕТ-24-9 тобы III орынды қанжығаларына байлап, қалған қатысқан топтар алғыс хатпен марапатталды. Іс шараны барлық қатысушылар Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен аяқтады.

Кітапхана ұжымы!

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *