Ашық педагогикалық тәжірибе

05.12. -07.12.23ж.аралығында «Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемелер бірлестігі» үшкүндігі болып өтті. ПӘБ-нің мақсаты: Өздігімен жұмыс істеу шеберлігін, білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруда, жан-жақты маман тәрбиелеуде  оқытудың белсенді және интербелсенді әдістерін тиімді пайдалану, оқытушылардың кәсіби шеберлігін шыңдау. Бірлестік мүшелері үшкүндік аясында өнімді жұмыс жасап, жоспарланған барлық іс – шараларды жоғары деңгейде өткізді.

        05.12 күні  «Дуальды – бағдарлық білім беру жағдайында мектеп – колледж іс –әрекеттерінің интеграциясы» тақырыбында кәсіптік тәжірибе бойынша ШК -21-9(Б) тобының студенттері  қаламыздағы Б.Момышұлы атындағы ЖББ мектепте әдебиеттік оқу(машықкер: Көпбаева Дильназ,  әдіскер:Калкенова Э.И.); жаратылыстану пәнінен (машықкер: Амангали Арайлым; әдіскер: Төлеген П.Қ.) ашық сабақтар өткізіп,  оқытудың  жаңа  әдіс –тәсілдерін, ақпаратты технологияларды  тиімді қолданды. Машықкерлер оқушылармен жақсы  қарым –қатынас жасай алады,  сабақ беру әдістемесін толық меңгергендігін көрсетті. Мектеп мұғалімдері тарапынан жақсы пікірлер айтылды.

       Дуальды – бағдарлық білім беру жағдайында   ШК-21-9(А)тобында кәсіптік тәжірибе“Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебінде жалғасты. Машықкер: Сайлау Жанела әдебиеттанудан; қазақ тілі пәнінен машықкер: Арманқызы Диана; «Тәуелсіздік  — тұғырым» атты тәрбие сағатынан машықкер: Исакова Аяулым (әдіскер: Жахметова Б.К.) ашық сабақтарында жаңа технологияларды, белсенді әдістерді,дидактикалық талапқа сай көрнекі құралдарды, ақпараттық құралдарды  ұтымды қолданып, жоғары бағаға ие болды.   Мектеп әкімшілігі, колледж әдіскерлері қатысып, әдістемелік талдаулар жасап, болашақ мамандарға ұсыныс-тілектерін білдірді. 

         Бастауыш сыныптардың тәжірибелі мұғалімдері: Арыстанбекова П.А., Буданова Г.К., Сагадатова Т.К. «Қысқа мерзімді жоспардың құрылу жүйесін қарастыру»тақырыбында шеберлік сыныбын машықкерлермен өткізді. ШК-21-9(а,б)топ студенттері өздеріне қажет көптеген ақпараттармен, жаңашыл ізденістермен, озат тәжірибемен танысты. Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауда осы іс- шараның маңызы өте зор болды. Колледж әдіскерлері мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.

Пән әдістеме бірлестігі жетекшісі: Жахметова Балжан Көшкімбаевна.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *