28.02.25ж күні «Ашық практика» күніне орай қаламыздағы № 4 орта мектептің 4в сыныбында сынып жетекшісі О.И. Твердованың жетекшілігімен ШР-21-9тобының студенті Агеева А Әдебиет оқу пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы С.Торайғыров «Я стану человеком».Сабақ құрылымына сай, мазмұнды, мағыналы өтті. Арина оқушылармен жақсы тіл табыса отырып, оларды жұмыс жасауға, өз ойларын анық, емін-еркін жеткізуге бағыттап отырды. Оқушылар да мұғалімнің қойған сұрағына мүдірмей, жауап беріп, өз Отанын, жерін,елін сүйетін, шынайы патриот екенін көрсетті. Сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдер, дидактикалық материалдар, көрнекіліктер қолданды. Сабақты қазақ әдебиетімен, қазақтың салт-дәстүрімен байланыстырды. Сынып оқушылары өздерінің жан-жақты білімді екенін, сабаққа немқұрайды қарамайтынын сынып жетекшісі О.И.Твердованың еңбегінің зор екенін осы сабақта дәлелдеді. Сабаққа қатысқан практика жөніндегі директордың орынбасары О.В.Буйненко ризашылығын білдіріп, Аринаға және жетекшісіне алғысын айтты. Сабақты бірауыздан 100%бағалады. Ал, Аринаға айтарым «Арина, сен мұғалім деген киелі атқа лайықсың, саған сәттілік тілеймін» С.Ж.Омарова.
Комментарии