Ашық сабақ: «Сәулелену түрлері. Спектрлер. Сызықтық емес оптика туралы түсініктер»

2025 жылдың 3 сәуір күні колледжіміздің жас маманы, физика пәнінің оқытушысы Мұхатбекова Меруерт Ануарқызы ШК-24-9 тобына «Сәулелену түрлері. Спектрлер. Сызықтық емес оптика туралы түсініктер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты – студенттерге сәулеленудің әр түрін, олардың спектрлік ерекшеліктерін және сызықтық емес оптиканың негізгі ұғымдарын түсінікті әрі жан-жақты түрде меңгерту болды. Оқытушы сабақты заманауи педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жоғары деңгейде ұйымдастырды. Теориялық білімді практикалық тапсырмалармен ұштастырып, студенттердің белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығын арттыра білді.

Сабақ барысында топтық жұмыстар, сұрақ-жауап, визуалды материалдар мен интерактивті тапсырмалар қолданылып, білім алушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық белсенділігіне ықпал етілді.

Колледж әдіскері ретінде жас маман Мұхатбекова Меруерт Ануарқызының кәсіби шеберлігін, сабаққа тыңғылықты дайындалғанын және білім алушылармен тиімді жұмыс жүргізе білгенін атап өткім келеді. Сабақ мазмұнды, құрылымы жағынан нақты әрі студенттер үшін пайдалы болды.

Жас маманға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер тілейміз!

Колледж әдіскері: Хали А.К

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *