«Балалар мен жасөспірімдердің бос уақыты»

21-ші сәуір күні «Балалар мен жасөспірімдердің бос уақыты» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа құқық қорғау ұйымдарынан адамдар қатысып, сөз кезегінде прокурор Абдрахманов А.С. құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары, соның ішінде электронды темекі, нашақорлық, әкімшілік құқық бұзушылық, алаяқтық тақырыптарында сөз қозғаса. колледж инспекторы Гиждевская Г.П. білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселесі бойынша тоқталып өтті.
Колледжіміздің заңгері Култасова А.А. ата-аналарды Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің құжатымен және орта білім беру колледжішілік есепке алу әдістемелік нұсқаулықпен таныстырды. Жазғы уақытта су қоймаларындағы қауіпсіздік туралы құтқарушы медбике Абжанова Б.С. тоқталып өтті. Колледж психологы Шорина Б.Ж. «Жасөспірімдер арасындағы қорлаудың (буллиннг) алдын алу» тақырыбына баяндама жасады. Ал директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыйырбаева З.А. «Балалар мен жасөспірімдердің бос уақыты» тақырыбына баяндама жасап, колледждегі үйірме, клубтар мен спорт секцияларына тоқтала отырып, студенттердің жеткен жетістіктерін атап өтті.

Сыйырбаева З.А.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *