
27-ші қыркүйек күні Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде «Баланың қауіпсіздігі – қоғамның басымдығы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Топаркулов А.К. «Интернет қауіпсіздігі», колледж психологы Серсембаева А.А. «Ата-аналарға жадынама» тақырыбында баяндама оқыды. Балқаш қаласының прокуроры Қойжігітов Б.М. және құқық қорғау ұйымынан инспектор Накен Е.Р. мен Иекенов Т.А. қатысып, ата-аналарға жастар арасындағы интернет ойындарының қауіптілігі және интернет арқылы жеңіл ақша табу, құқық бұзушылықтың алдын алу, электронды сигарет, наркотикалық заттарды тасымалдау және оның зардабы туралы баяндама жасады.
Комментарии