Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасы аясында кітап кейіпкерлерінің байкауына Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық қолледжнің ШК-22-9 тобының студенттері қатысты.
Қазақтан Жазушылар Одағының мүшесі. Қазақстан «Серпер» жастар сыйлығының және Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері. «Көк бөрінің рухы», «Көлеңкелер күбірі» атты өлеңдер жинағының авторы. Қазіргі таңда жасөспірімдер мен ересектер арасында танымал болып жатқан Ақберен Елгезектің шығармашылығын баса назарға алдық. Жалпы өзімізге жақын «Сені ешкімге бермеймін сұрамасын» өлеңін қарастырып, өзекті мәселесін зерттеп, ашып көрсеттік.
Өлең әлемінде небір жаңалықтар жүретіні белгілі. Әр сөз, әр жол өлең тағдырының шешіміне әкелетініне, шабыттың шалқымалы шерін толқыта жырлау әркімге беріле бермес бақ. Ендеше сол бақтың қазақ халқына тигізер пайдасын, көзайым болар көрермендерге таныстырылым ретінде ұсынып отырмыз.
Жетекшісі: Дукенбаева Г.Е.
Комментарии