Біртұтас тәрбие — сапалы білім тұғыры

20.12.2024 ж «Біртұтас тәрбие» – сапалы білім тұғыры

Бұл күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында бірнеше маңызды шаралар ұйымдастырылды. Іс-шаралардың әрқайсысы білім беру мен тәрбиенің өзара байланысын нығайтуға бағытталды:

1) ШК-21-9 А тобының ұйымдастыруымен «Ұстаздық шеберлік – білім мен жүректің үйлесімі» педагогикалық шеберлік сағаты өтті. Студенттер байқау тәжірибесі барысында әр пән бойынша өткізген сабақтарында қолданған әдіс-тәсілдерін көрсетіп жинақталған тәжірибелерімен бөлісті. Әдіскерлер: Жахметова Б.К, Сулейменов С.Ы, Дукенбаева Г.Е.

Бұл шара студенттердің кәсіби шеберлігін көрсететін ерекше тәжірибелік платформа болды. Студенттер педагогикалық дағдыларын теория мен практикада үйлестіріп, ұстаздықтың шығармашылық және эмоционалдық жақтарын ашып көрсетті. Ұстаздық шеберліктің маңызды аспектілері талқыланды, соның ішінде оқушының жеке тұлғасын дамыту, сабақ барысында мотивация қалыптастыру және білім сапасын арттыру.Студенттер көрнекі материалдар мен инновациялық оқыту құралдарын пайдалана отырып, әдістемелік тәжірибелерін ұсынды. Бұл олардың педагогикалық қабілеттерінің тереңдігін және оқыту әдістерін тиімді қолдана алатындықтарын көрсетті.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» оқытушы Сүлейменова С.Ыжетекшілігімен, ШК-24-9 тобы студенттері және ата-аналармен тағылым сағаты өткізілді. Бұл тағылым сағаты ата-аналар, студенттер және оқытушылар арасындағы өзара тығыз байланысты нығайтуға бағытталды. Шара тәуелсіздік құндылықтарын ұрпақ санасына сіңіру және тәрбиелік идеяларды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Шараның мазмұнына келсек- Қазақстан тәуелсіздігінің тарихи маңыздылығы мен оны сақтау жолындағы жауапкершілік талқыланды. Студенттер мен ата-аналар бірігіп, еліміздің болашағына қатысты өз пікірлерін ортаға салды. Студенттер өз шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, тарихи деректерге негізделген презентациялар мен көркемсөз оқулар ұсынды. Ата-аналар болса өз тәжірибелерімен бөлісіп, тәуелсіздік құндылықтарын отбасы тәрбиесінде қалай қолданатынын айтты. Оқытушышараның үйлестірушісі ретінде тәуелсіздік тақырыбын тереңірек талқылауға мүмкіндік берді. «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тағылым сағаты тәрбиелік мәні терең әрі мазмұнды іс-шара болды. Ол ата-аналардың, студенттердің және оқытушылардың бірлескен жұмысын нығайтып, тәуелсіздік құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеуде маңызды рөл атқарды.

3) Колледж психологы Сарсембаева А.А. жетекшілігімен «Жанға жайлы үндестік: ізгілік пен түсіністік әлемі: Ұстаздар арасындағы мейірім кеңістігі» (трейнинг)

Сарсембаева А.А. Бұл тренинг ұстаздар арасындағы кәсіби қарым-қатынасты жақсартуға, ізгілік пен өзара түсіністік атмосферасын қалыптастыруға бағытталды. Шара педагогикалық ұжымның бірлігі мен қолдау көрсету мәдениетін нығайтуға септігін тигізді. Қатысушылар өзара сенімділік деңгейін арттырып, кәсіби қолдау көрсету дағдыларын дамытты. Ұстаздардың ішкі ресурстарын ашуға және олардың шығармашылық әлеуетін көтеруге жағдай жасалды. Тренинг қатысушыларға ұжымдағы қарым-қатынасты жақсартудың маңызын түсінуге ықпал етті.

«Ұстаздар арасындағы мейірім кеңістігі» тренингі педагогикалық ұжымды біріктіруде маңызды рөл атқарды. Ізгілік пен түсіністікке негізделген бұл шара ұстаздар арасында жылы қарым-қатынас орнатып, кәсіби ортада өзара қолдаудың маңыздылығын көрсетті.

4) «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы – тәрбие мен білім берудегі алтын көпір. 

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында (пән бірлестігінің атқарылған жұмыстарының есебі). Жауапты оқытушы: Сарсембаева А.А

Бұл есеп пән бірлестігінің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында атқарған жұмыстарының нәтижелерін қорытындылауға бағытталды. Бағдарлама білім мен тәрбиенің өзара байланысын нығайтуға, студенттердің тұлғалық және кәсіби дамуына ықпал етуге арналған. 

Тәрбиелік шаралар: Студенттердің жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралар мен тренингтер ұйымдастырылды.

Білім беру әдістері: Сабақтарда жаңа инновациялық әдістер мен технологиялар қолданылып, оқытудың тиімділігі артты.

Қол  жеткізілген нәтижелер: Студенттердің тәрбие деңгейі мен білім сапасы бойынша жоғары көрсеткіштер байқалды. Оқытушылар мен студенттер бірлесіп жұмыс істеп, өзара тәжірибе алмасу арқылы білім беру мен тәрбие жұмыстарының сапасын жақсартты. Атқарылған жұмыстардың тиімділігі артты, нәтижесінде студенттердің жалпы білім деңгейі мен тәрбие процесі бойынша оң өзгерістер орын алды.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы жұмыстар білім мен тәрбие арасындағы тығыз байланысты нығайтып, студенттердің тұлғалық дамуын жақсартуға ықпал етті. Пән бірлестігінің атқарған жұмыстары жоғары нәтижелермен сипатталады және бұл тәжірибе болашақта да жалғасын табады.

Оқытушы Дүкенбаева Г.Е жетекшілігімен «Инклюзивті білім беру – мейірім мен қолдаудың өзегі» (хабарлама)өткізілді. Бұл хабарлама инклюзивті білім берудің маңыздылығын көрсетіп, оның оқушылар үшін тең мүмкіндіктер мен қолдауды қамтамасыз етуге бағытталғанын түсіндірді. Хабарлама барысында инклюзивті білім берудің негізгі принциптері, оның балаларға мейірім мен психологиялық қолдау көрсету рөлі талқыланды. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу процесіне қатысуы мен олардың қоғамға интеграциялануындағы инклюзивті білім берудің маңызды рөлі көрсетілді. Бұл білім беру жүйесі барлық оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тең құқықтық негізде білім алуға мүмкіндік берді.

«Таңдаудың табысты жолы» педагогикалық сынып жұмысының есебі. Жауапты: Оқытушы Сүлейменова С.Ы.Бұл есебінде педагогикалық сынып жұмысының тиімділігін көрсету мақсатында студенттердің таңдау жасай білу дағдылары мен кәсіби бағдар алу процесі талқыланды. Шара барысында оқушылар өз болашақ мамандықтарына қатысты дұрыс шешімдер қабылдаудың маңыздылығын түсініп, таңдаудың табысты жолын игеруге бағытталды.
Есепте сынып жұмысының нәтижелері, атап айтқанда, студенттердің мамандық таңдаудағы психологиялық тұрғыдан дайындық деңгейі және болашақ кәсіби өміріне дайындықтары көрсетілді. Бұл жұмыс студенттерге болашақта өз мақсаттарын айқындап, дұрыс бағытта қадам жасауға көмектесті.

«Пән бірлестігі оқытушыларының әдістемелік жұмыс — нәтижелі тәжірибе алмасудың кепілі» рефлекция

БГТК оқытушыларының ұйымдастыруымен рефлекцияда пән бірлестігі оқытушыларының әдістемелік жұмыс жүйесі мен тәжірибе алмасудың маңызы қарастырылды. Оқытушылар арасында білім мен тәжірибе алмасу – педагогикалық үдерістің тиімділігін арттырудың маңызды аспекті болып табылады. Бұл іс-шара барысында оқытушылар жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияларды енгізу, оқу процесінде қолданылатын жаңалықтарды талқылап, тәжірибе алмасты.
Рефлекцияның нәтижесінде оқытушылар бір-бірінің жұмысын бағалап, өз тәжірибелерін дамыту үшін қажетті идеялар мен құралдар алды. Бұл шара білім сапасын арттыруда ұжымдық жұмыс пен ынтымақтастықтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті.

Әдіскер: Хали А.К

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *