2024 жылдың 25-26 қаңтар күндері Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы колледжі және Қазақстанның Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы ІІІ Республикалық «Туған жерім-тұғырым» атты колледждер арасындағы «Көркем сөз» және «Вокал» номинациялары бойынша онлайн байқау ұйымдастырып өткізді. Аталмыш байқауға Қазақстанның 10 колледждерінен әр номинация бойынша 20ға жуық студенттер қатысты. Соның ішінде, Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық …
Читать далее Туған жерім – тұғырым
Рубрика:О колледже
Кәсіби бағдар беру
2023 жылдың 3-ші қарашасында Кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында мектеп оқушыларына «Жас маман»жобасы бойынша ашылған құзіреттілік орталығында экскурсия жүргізіліп,мастер класс көрсетілді.Колледж студенттері өз мамандықтарының артықшылықтарын айтып мектеп оқушыларына тренажерлармен оқыту кешендерінің жұмысымен таныстырды. «Жас маман» жобасы құзіреттілік орталығы жетекшісі:Байдилдаев Ж.Н.
“Болашақ мамандыққа бір қадам”
2023 жылдың 8-ші желтоқсанында Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде мектеп оқушылары арасында «Кәсіби бағдар беру»жұмысы аясында «Болашақ мамандыққа бір қадам» атты сайыс болып өтті. Сайыс темір жол көлігі мамандықтары бойынша «Темір жол көлігі қозғалысын басқару» және «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және күтіп ұстау» мамандықтары бойынша жүгізілді. Мектеп оқушылары «Жас маман»жобасы …
Читать далее “Болашақ мамандыққа бір қадам”
«Ыбырай Алтынсарин мұрасы» «Балбұлақ» клуб мүшелерінің кезекті отырысы
2024 жылдың қаңтар айының 26-ыншы жұлдызында Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде «Ыбырай Алтынсарин мұрасы» атты кезекті отырысы өтті. Мақсаты: Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Студенттердің жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту. Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге, өзіндік пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Студенттерді талаптылыққа, білімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, әдептілікке тәрбиелеу. …
Читать далее «Ыбырай Алтынсарин мұрасы» «Балбұлақ» клуб мүшелерінің кезекті отырысы
«Қазақстан – құқықтық мемлекет» адалдық сағаты өткізілді.
Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы — техникалық колледжінде 29 қыркүйек күні «Саналы ұрпақ» клубының ұйымдастыруымен, «Қазақстан – құқықтық мемлекет» атты студенттер арасында адалдық сағаты өткізілді. Оқушылардың құқықтық білімдерін дамыту, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айта алу мақсатында өскелең ұрпақ арасында адалдық мәдениетін қалыптастыру қағидалары, әділ және адал еңбек ету, рухани-адамгершілік құндылықтар туралы айтылды.
«Саналы ұрпақ» ерікті колледжішілік клубының жұмыс жоспарын бекіту
05.09.2023 жылы «Саналы ұрпақ» еріктілер клубында клубтың қызметін ұйымдастыру және «Саналы ұрпақ» ерікті колледжішілік клубының жұмыс жоспарын бекіту туралы отырыс өтті. Алдағы уақытта өткізілетін іс-шаралар туралы баяндалып, 2023-24 оқу жылына арналған «Саналы ұрпақ» ерікті колледжішілік клубының жұмыс жоспарын бекітуге ұсынылды.
Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде, 26.01.2024 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Таза сессия» акциясы өткізілді
Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде, 26.01.2024 жылысыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Таза сессия» акциясы өткізілді. «Таза сессия» акциясының негізгі мақсаты – құқықтық сананы, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті және колледж білім алушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастыру болып табылады.
Оқуға құштар колледж
Оқуға құштар колледж аясында《кітаптар желісінде түсірілген кинолар》 деген тақырыпта топ жетекшісі Төлеген П.Қ. ШК-21-9Б тобымен ашық іс — шара өткізілді.
Курстық жоба
2024 жылдың 19 қаңтары күні оқу жоспарына сәйкес ОП-21-9 тобында КМ 2 «Жүк және коммерциялық жұмыстарды және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру» модулі бойынша курстық жобалар қорғалды.Топтағы 15 студент өз жобаларымен таныстырып,қорғап шықты.Барлық студентке комиссия құрамының тиісті балдары қойылды.
Оқуға құштар колледж
Әлихан Мусин атындағы гуманитарлы-техникалықколледжінің МТ-21-9 тобының студенттерініңұйымдастыруымен 2024 жылдың Қаңтар айының17 күні “Оқуға құштар колледж” жобасыныңаясында “Менің қалам сенің атауында тұрған не бар?” викторинасы өткізілді. Викторина мақсаты: Қаламыз туралы жазылған көркем әдеби шығармаларды дәріптей отырып, қаламызға деген сүйіспеншілікті арттыру арқылы, қаламыздың тарихи мәдени мұрасын насихаттап, қайта жаңғырту. Ең алдымен Балқаш қаласы туралы толықтай ақпарат беріліп, қала тарихы жайлы видероликкөрсетілді. Викторина ОП-23-9 және ОИ-23-9 топтары арасында жүргізілді. Викторина барысында қатысушыларға 3 турдан құралған: қала тарихы, аңыз-әңгімелер және Балқаш қаласының символы болып табылатын Балқаш көлі жайлытүрлі сұрақтар қойылды. Техникалық бөліммеңгерушісі Каденова А.М. мен кітапханақызметкері Орал Н.Ж. жетекшілік етіп, ойынқорытындысын шығарды. Қорытынды бойынша қатысушы топтар 1,2 дәрежелі дипломдарменмарапатталды. Топ жетекшісі: Мамырбаева Шолпан Серикжановна