11.04.24ж. ШК-23-9 тобы Балқаш қалалық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасады. Мұражай қызметкерлері өлкеміздің тарихымен таныстырып, мұражайдағы жәдігерлер туралы көптеген ақпараттар айтты. Қызықты, мазмұнды мәліметтермен танысқан студенттер соңында 12 сәуір Космонавтика және авиация күніне орай ұйымдастырылған «Байқоңырдың жұлдызды старттары» көрмесін тамашалады.Топ жетекшісі Э.И.Калкенова
Рубрика:О колледже
Таза Қазақстан
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының басталғаны белгілі.Осы акция аясында 11 сәуір күні колледж студенттері колледж алдындағы аллеяға тазалық жұмыстарын жүргізді.Барша қала тұрғындарын акцияны қолдауға шақырамыз!!!Каденова А.МЕрменбетова С.О.
Экскурсия қалалық мұражай
Сәуір айының 8-ші жұлдызында ОП-23-9 тобымен топ жетекшісі Серсембаева А.А. қалалық мұражайға экскурсияға барды. Мұражай қызметкері студенттерге мұражайдағы экспонаттарды көрсетіп және Юрий Гагаринге жалпы космонавтиканың дамуына арналған жаңа көрмені студенттерге таныстырды. Экскурсия өте қызықты өтті.
Мемлекеттік дипломалды тәжірибе
05.04.2024 күні «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының ДВ-20-9 тобы студенттерінің Мемлекеттік дипломалды тәжірибеден өту жайлы конференциясы болды. Конференцияға тәжірибе алмасу мақсатында 2 курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында 4 курс студенттері Мемлекеттік дипломалды тәжірибе барысында атқарылған жұмыстар туралы айтты және де олар өздері жасаған тәжірибе барысында пайдаланған түрлі көрнекіліктердікөрсетті. Мұның барлығы 2 курс студенттері үшін өте қызықты да мазмұнды болды. Ашық іс-шараны ұйымдастырып өткізген ДВ-20-9 тобының кураторы Аралбаева Б.Т.