17.10.2023 ж. күні Ә.Мусин атындағы БГТК 1 курс студенттері арасында денсаулық сақтау және қалалық ішкі істер бөлім қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Дәрігер — психиатр Кабжанов А.К. «Электронды темекінің зияны» тақырыбында электрондық темекі (вейп) қазіргі уақытта, әсіресе жасөспірімдер арасында үлкен танымалдылыққа ие болып, көптеген жасөспірімдер электронды темекіге қызығушылық артқанын, ал электрондық темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, адам организіміне өте қауіпті екенін атап өтті.
Сонымен бірге қалалық іші істер бөлімінен Б.А. Қуанышбеков есірткіні қолданудың зияны және есіртікіні таратумен байланысты қылмыстар жасағаны үшін кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің жауапкершілікке тартылуы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Каденова А.М
Комментарии