22.12.2023ж күні «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу–әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған «Еңсең биік, тұғырың берік болсын, Тәуелсіз Елім!» атты облыстық студенттік эссе байқауы болып өтті.
Мақсаты: жас ұрпақтың бойында патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік, Қазақстанның өткені, бүгіні және болашағы үшін мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.
Эссе байқауына ШК -22-9 тобының студенті Түсенов Нұрдос қатысып, «Шежіреңнен сыр шертемін, Қазақстан!»тақырыбында жазған жұмысын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша Түсенов Нұрдостың эссесі үздік деп танылып, 1орынға ие болды.
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жахметова Б.К.
Комментарии