Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемелер бірлестігінің үшкүндігінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында АТА-АНАЛАРМЕН ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУДІ негізге ала отырып, ата-аналармен ашық және жағымды қарым-қатынасты дамыту, колледж бен отбасы арасындағы байланысты нығайту үшін ата- аналарды колледж өміріне тарту мақсатында Ата-аналарды педагогикалық қолдау:«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында тағылым сағаты өтті. Тағылымдық сағатымыз 4 кезеңнен тұрады:

​Бабалардың ұмытылмас ерлігі

​Отбасы құндылықтары

​Отансүйгіштікке тәрбиелеудің бастауы

​Белсенділік

Аталмыш іс-шараға ШК-24-9 тобы студенттері және ата-аналары қатысты. Ата-аналар балаларының өнерін тамашалап, тақырыпқа сәйкес арнайы дайындаған баяндамаларымен бөлісті, өз ойларын ашық жеткізіп, кері байланыс жасады, іс-шара барысында түрлі ойындар ойнап, белсенділіктерін көрсетті. Шара соңында балалары аналарына сыйлықтарын сыйлап, топ жетекшісі тарапынан естеліктер таратылды. Ұйымдастырушы: топ жетекшісі Сулейменова С.Ы.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *