Биыл 2025 жыл – Абай жылы. Хакім Абайдың туғанына 180 жыл. Бүгін сәуірдің 4 күні Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы- техникалық колледжінің МТ-24-9 тобында өткен ашық сабақ осы айтулы датаға арналды. Сабақтың тақырыбы: «Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясының «Тайғақта» тарауы ». Сабақ «Біртұтас тәрбие бағдарламасымен» байланысты өтті, яғни романдағы әке мен ананың тәрбиес, ар- ождан мәселесі, адалдық, Отанды сүю сияқты қасиетті ұғымдарды ұлықтауға арналды. Сабаққа студенттер үлкен қызығушылықпен қатысты. Сабақты өткізген колледждің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Алиманова Сандуғаш Нуртаевна.




Комментарии