«Халқым деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді»

(Жүсіпбек Аймауытовтың  шығармашылығы бойынша)

         Ұлы даланың ұлылығын ұлықтаған, ұлтын сүйетін  Алаш жұртының әйгілі перзенті,       қазақтың асыл азаматы, классик жазушысы, қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың  135 жылдығына байланысты іс-шаралар өз деңгейінде өтіп жатыр.       «Өз жерінің ұлы перзенті» Ж. Аймауытовтың  әдеби және ғылыми мұрасын насихаттау мақсатында   оқытушы Жахметова Балжан Көшкімбайқызы және 1 курс студенттерінің бастамасымен 25 қазан күні «Халқым деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді» атты  ауызша журнал ұйымдастырылды.

Мақсаты:

  •  Ж.Аймауытов  шығармаларының   өміршеңдігін, жастар тәрбиесіндегі маңызын ұғындыру.
  • Ұлы жазушының мұрасымен таныстыру және оның музыкалық және көркем шығармашылығын насихаттау.
  • Студенттерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой — өрісін, рухани жан дүниесін байытып, сөйлеу машықтарын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Студенттерді қазақ халқының рухани құндылықтарына деген сүйіспеншілігін арттыру.

  • елжандылыққа, адамгершілікке, тілімізді құрметтеуге, әдебиетті сүюге, сұлулыққа құштар болуға тәрбиелеу.

      Ауызша журналда ОИ-23-9 тобының студенттері «Ана тілі – халықтың жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі» деп тебіренген Алаштың айбынды тұлғасы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы, қызметі және мол мұраларының бір саласы аудармалары мен ғылыми еңбектері, педагогика, психология әдістемесіне тәрбие туралы зерттеулері  туралы жан –жақты тоқталды.

      Қазақ прозасындағы шоқтығы биік шығармасының бірі «Ақбілек» романының   идеясын ашып, құрылысына сюжеттік-композициялық талдау жасады, іс-әрекеттері туралы өзіндік пікірлерін қалыптастырды.

            Іс – шараға қатысқан 1курс студенттері   жазушының шығармасынан алған әсерлерін, түйіндеген  ойларын ортаға салып, бір-бірімен бөлісіп, қызығушылықтарын  танытты.

      Ұлтымыздың мақтанышы – жан-жақты талант иесі, тарихи тұлға,  қазақтың   көрнекті  жазушысы, драматург, публицист Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен өнері бүгінгі ұрпақ үшін де ескірмейтін үлгі, өнеге болып табылады.  

                                Оқытушы:  Жахметова Балжан Көшкімбайқызы

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *