«Халықтың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді»

2025 жылдың 6 мамыр күні МТ-24-9 тобы «Халықтың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді» тақырыбында кураторлық     сағат    өткізді. Іс–шара барысында топ студенттері халықтың ерлігі – ұлттың рухын көтеретін, тарихта мәңгілікке сақталатын құндылық екенін атай келе, батыр бабаларымыздың елі мен жерін қорғаудағы  ерліктеріне тоқталды. Студенттер М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Б.Момышұлының  ерліктері  – бүгінгі бейбіт өміріміздің дәлелі екенін кластерлік жұмыс арқылы қорғады. Кураторлық сағат барысында Ерлік туралы мақалдар жарысы өтті. Ер жүрек батырларымыздың ерлігі тек өткеннің тарихы емес, ол – бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын тағылым. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы біз өз тамырымызды танып, болашаққа сеніммен қарауды үйренеміз. Бұл іс шара болашақ ұрпаққа рухани азық беріп, халқымыздың асыл мұрасын құрметтеуге үндейді.

 Топ жетекшісі  Мамырбаева Ш.С.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *