«КҮЗДІҢ КӨРІКТІ БЕЙНЕСІ» қалалық байқауы

17 қыркүйек күні Балқаш қаласының орталық саябағында «Күздің көрікті бейнесі» атты қалалық байқау өтті. Байқауға қаламыздың мектептері мен кәсіптік білім беру орындары қатысты. Колледжіміздің «Жігер» студенттер парламентінің координаторы Ж.К.Акказинованың жетекшілігімен күзгі сән үлгісін дайындалса, «Шығармашылық клуб» жетекшісі А.Е.Кажикаримованың  жетекшілігімен тақырыпқа сай шығармашылық нөмір дайындалды.

Байқау екі кезеңнен тұрды:

  1. «ТАБИҒАТПЕН ҮЙЛЕСІМ» күзгі киімдер дефилесі.  Әр топ музыкалық сүйемелдеумен өздерін таныстырып, тақырып аясында ұсынылған киімдердің қасиеттерін ашатын дефиле көрсету.
  2. «КҮЗ – САҒЫНЫШ МАУСЫМЫ» Шығармашылық нөмір. Әр қатысушы қазылар алқасы мен көрермендердің назарына тақырып аясында өз өнерлерін көрсету.

Барлық қатысушылар алғыс хатпен, жеңімпаздар дипломдармен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шығармашылық клуб жетекшісі Кажикаримова Айгерим Ержановна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *