2025 жылдың 15-16 мамыр аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің РҒПК және Абай облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында колледж директорлары мен кітапханашыларына арналған «Кітап шаһары-2025» республикалық семинар өтті.
Бұл семинарға Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы- техникалық колледжінің кітапхана меңгерушісі Қожамұратова Шырын Бергеновна қатысып, тәжірибе алмасып келді.
Семинар барысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханаларының өзекті мәселелері: Материалдық- техникалық базасын нығайту, цифрландыру және кітап қорын оқу және көркем әдебиетпен толықтыру мәселелері, колледж кітапханаларының оқу –тәрбие процесіндегі рөлі мен орны талқыланды.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ұлттық кітапхана директоры Ғазиза Құдайбергенқызының «КІТАПХАНА КҮНДЕЛІГІ» атты кітабының тұсаукесері дәл осы семинарда кесілді.
Екі күнге созылған семинар өте жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылған. Колледж ұжымына және басқарып отырған директоры Жанаева Шағангүл Алдамжарқызына келген қонақтар ризашылығын білдірді.
Комментарии