
Наурыз айында жоспар бойынша Worldskills Караганда -2023 аймақтық чемпионат сайысына қатысу мақсатында баратын студентті айқындау үшін «Worldskills БГТК-2023» «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша колледжішілік чемпионат өткізілді. Чемпионатқа ДВ-20-9 тобының 5 студенті қатысты. Чемпионат 4 кезеңнен тұрды. Әр кезеңге керекті құралдар ұсынылды. Және еріктілер тобы қатысты. Студенттердің дайындықтары жоғарғы деңгейде болды. Әділ-қазылар шешімі бойынша бас жүлде ДВ-20-9 тобының студенті Тулегенова Арунаға бұйырды.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» пән әдістемелік бірлестігінің төрайымы: Оразхан Н.Т.
Комментарии