«Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз»

4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні!
1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілген бұл күн ел тарихында мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер — мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.
Осыған орай, 2 маусым күні ШК-22-9 тобы мен МЕТ-22-9 тобы, топ жетекшілері Канафина А.Б. мен Жансерикова К.А. ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шара әнұран шығу тарихы туралы көрініс пен мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды. Шара барысында мемлекеттік рәміздер туралы бейнероликтер көрсетіліп, патриоттық әндер орындалды.
Салтанатты шара барысында сөз сөйлеген колледж директоры Е.М.Смагулов өз елінің Елтаңбасының, Туының бейнесін және Әнұранын біліп қана қоймай, олардың маңыздылығы мен мазмұнын білу қажет екендігін атап айтты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні – біздің отанымыз үшін маңызды мереке. Өзінің еліне деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, Қазақстанның болашақтағы жетістіктеріне деген сенімділік кез-келген қиындыққа қарсы тұруға мүмкіндік беретіндігін ерекше атап өтті.

Канафина А.Б.

Жансерикова К.А.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *