04.04.2024ж. күні Қарағанды облысының Ресурстық тіл орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл саясаты және латынграфикалы әліпби мәселесі» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Тілші –ғалым Анар Мұратқызы Фазылжанова «Қазақ тілін оқыту дидактикасы: тілтанушының жеке тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі кездегі тілдік жағдаят, қоғамның тілдік бейнесі, тілді оқыту мәселесі, мемлекеттік тілді оқытудың ғылыми негіздеріне тоқталды.
Семинардың барысында мемлекеттік тілдің қоғамдағы беделін арттыруға, латыннегізді графикаға ауысу және тілді әлеуметтік тұрғыдан зерттеу мәселесіне қатысты көкейтесті сұрақтар қойылды.
Тіл жанашырларының басын қосып, мемлекеттік тілді дамыту мәселесі туралы өзекті ойларын ортаға салған семинар жұмысы өз мақсатына жетті.
Оқытушы: Жахметова Б.К.
Комментарии