2022 жылдың 12.04 күні оқытушы Б.К.Жахметова «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәнінен «Іс құжаттары – қарым-қатынас жасаудың тәсілі» (сынақ сабақ) тақырыбында ашық сабақ ШК -20-9 тобында болып өтті.
Сабақ мақсаты: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәнінен меңгерген білімді жинақтау;Оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып, білімді практикамен ұштастыру;Сабақ барысында берілген білімді жинақтай отырып, әдістемелік газет шығару. |
Сабақта ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында студенттермен «Көңіл күйді анықтау» тренингі жүргізіліп, «Мен болашақ мұғаліммін»деген сөйлемді түрлі көңіл — күймен жеткізді. «Ойқозғау»,«Зерделі сұрақ, дәлелді жауап» стратегиялары арқылы өтілген тақырыптар тексерілді. «Ойсергек» кезеңінде суреттерді сөйлетіп, «Шынжыр» әдісі арқылы құжат түрлерін еске түсіріп, «Ең сауатты студент» практикалық жұмыс жасады. Сабақта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері, жаңа педагогикалық технологиялар тиімді қолданылды. Студенттер белсенділік көрсетті, теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан көрсете білді. «Тілек беті», «Аяқталмаған сөйлем» әдістерімен сабаққа қорытынды жасалды. Сабақ мақсатына жетті, жоғары деңгейде өтті.
Оқытушы: Б.К.Жахметова