«Мен педагог боламын» бейіндік жоба

21.10.22 күні Ә. Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен облыстық деңгейде «Мен педагог боламын» бейіндік жоба аясында педагогикалық сынып нетворкингіне колледж директоры Е.М. Смагулов, Төлеген П.Қ., Сулейменова С.Ы. және ШК-19-9 тобының студенті Қайдар Айтолқын қатысып, 3 жылда жасалған жұмыстардың өнімділігін қорытындылап, алдағы жылдардағы жоспарымен бөлісті. Оқушылардың білімін қалыптастыру, алған білімін өмірде қолдана білуіне, болашақ мамандықтарын таңдау үшін кәсіби бағдар беруге бағытталғанмектеп-колледж арасындағы әлеуметтік-серіктестікті нығайту мақсатында мектеп оқушыларының педагогикаға деген уәжін ояту және оларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлай отырып қалыптастыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатын көздеген педагогикалық сынып нетворкингінде басшы мен колледж оқытушылары «Педагогикалық сынып» таңдау курсының нәтижелі, өнімді жұмыс жасап жатқандығын дәлелдеді.

Төлеген П.Қ., Сулейменова С.Ы.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *