2022 жылдың 5-7 желтоқсан аралығында Музыкалық пән әдістемелік бірлестігінің әдістемелік үш күндігі (ТРИАДА) өтті. Пән әдістемелік бірлестік оқытушыларының жоспарлары бойынша Әдістемелік үшкүндік (триада) барысында 5 ашық сабақ, 2 ашық тәжірибе, 1 ашық сынып сағаты өткізілді. Атап айтсақ: А. Е. Кажикаримова- хор сыныбы, О.В.Буйненко- дирижерлеу, Ж.Р.Надирбеков- домбыраның негізгі музыкалық аспабы, А.П.Сахарова- гармония, Е.В.Мартынова – Кисличенко- хор тәжірибесі, Н.М.Ғазиз- ашық сынып сағаты, О.В.Буйненко- балабақшадағы тәжірибелерің өз деңгейінде өткізді. Триаданы өткізуге пән әдістемелік бірлестігінің барлық оқытушылары мен студенттері белсене қатысты. ПӘБ оқытушылары ашық сабақ өткізу кезінде әр түрлі әдіс — тәсілдерді қолданып, білім алушыларымызды толық түсінікті ақпараттармен бөлісіп, кері байланысты жасап, өте қызықты да, түсінікті жоғары деңгейдегі сабақтар өткізді. Триада қорытындысында Музыкалық пән әдістемелік бірлестігінің ашық отырысы өтті, онда топтың портфолиосын А.Е.Кажикаримова, әдіскердің портфолиосын О.В.Буйненко және «Музыкалық әдебиеттегі сызбалар мен кестелер» әдістемелік құралымен А. П. Сахарова өз шығармашылық жұмыстарымен бөлісіп, таныстырды.
Колледж әдіскері Хали А.К.
Комментарии