Оқу ақпаратын тарату модулі бойынша ШК -21-9(А) тобында қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі, каллиграфия пәнінен «Грамматикалық талдау және оның түрлері» тақырыбында ашық сабақ өтті.

             19 желтоқсан күні  Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемелер бірлестігінің үшкүндігі аясында  КМ 3.   Оқу ақпаратын тарату   модулі бойынша  ШК -21-9(А) тобында  қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі, каллиграфия пәнінен «Грамматикалық талдау және оның түрлері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Білім алушылардың грамматика мен емле және  тіл дамыту әдістемесі бойынша меңгерген білімдері мен дағдыларын, шеберліктерін есепке алу мақсатында  оқытудың белсенді әдістері тиімді  қолданылды. Оқытушы білім алушылардың теориялық білімін практикамен ұштастыра отырып,   өз  мамандығына, пәнге  деген   қызығушылығын арттырып,  кәсіби шеберлікке, жүйелі сөйлей білуге дағдыландырды.      4 курс студенттерін рухани құндылықтарды бойына сіңіру  арқылы танымдық  және  шығармашылық белсенділігін арттырды. Сабақ барысында айтылған зерделі ойларды жинақтай отырып, әдістемелік газет шығарып, шеберлік сабақтарын берді. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті.

Оқытушы: Жахметова Балжан Кошкимбаевна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *