“Отбасы-шағын мемлекет” тақырыбында “Балбұлақ” клуб мүшелерімен кезекті отырысы өтті. Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету. Ата-ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір-біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата-ана екенін түсіндіру. Отырыста отбасыға байланысты сұрақ-жауаптар, мақал-мәтелдер, сондай-ақ әкеге, анаға түрлі өлеңдер оқылып, бейнероликтер ұсынылды.
Клуб жетекшісі: Дукенбаева Г.Е.
Клуб төреағасы: Түсенов Н.М.
Комментарии