21.02.2025ж.колледж директоры Е. М. Смагулов жұмысшы мамандығында оқитын 2-курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуде ішкі тәртіп ережесі, бопсалау, күш көрсету, наркомания тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, видеороликтер көрсетілді.Студенттер осы аталған тақырыптар бойынша, сұрақ-жауап алмасты.Ерменбетова С.О.Аделканова С.А.
Өмірге салауатты қадам
03.03.2025 күні №303 оқу аудиториясында «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің студенттерімен Балқаш қаласының полиция бөлімінің ювениальді полиция қызметкері Накен Е. Р және ЕҚҚІҚБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Қуанышбеков Б.А. кездесу өтті.Кездесудің тақырыбы: «Өмірге салауатты қадам». Кездесудің мақсаты- жасөсіпірімдер арасында синтетикалық есірткінің интернет ресурастары таралуының алдын алу шаралары.Кездесу барысында студенттерге …
Читать далее Өмірге салауатты қадам
Гидростатиканың негіздері
“Техникалық пәндер” әдістемелік бірлестігінің үшкүндігі аясында арнайы пәндер оқытушысы М.Н.Сагимбекова жұмысшы мамандық ТТ-23-9 тобында “Гидравлика және сорғылар” пәні бойынша “Гидростатиканың негіздері. Гидростатикалық қысым және оның қасиеттері” тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Сабақтың мақсаты: гидростатика және гидростатикалық қысым ұғымдарын түсіндіріп, олардың практикалық маңызын ашып көрсету.
Үздік IT сабақ
Ақпанның 21 күні Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнке кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында “Үздік ІТ-сабақ” облыстық байқауының финалы өтті. Бұл байқауда “Арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері” бағыты бойынша Мереке Нуралыевна Сагимбекова финалға шығып, ІІІ орынды иеленді.
Miss Balkhash
27.02 күні қаламызда өткен “Балқаш аруы-2024” байқауында ИЯ-23 тобының студенттері Увалиева Камила 3-орынменНурланбеккызы Нурайлым алғыс хатпен марапатталды!Аруларымызды құттықтаймыз!
Қаламызда өткен “Жас талант-2025” байқауында ФК-21 тобының студенті Кәрімхан Балнұр және МТ-22 тобының студенті Кукеева Карина алғыс хатпен марапатталды! Құттықтаймыз!
Мамандықтың үздігі
2025 жылдың 26 ақпан күні «Техникалық пән әдістемелік бірлестігі» үшкүндігі аясында, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған «Темір жол көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша «Мамандықтың үздігі» атты байқау болып өтті. Байқау талаптары «World Skills» талаптарына сәйкес жүргізіліп,студенттер өз білімдерін көрсетті. 1-орын Орумбаев Өміржан 2- орын Рашитова Адина 3- орын Серикова Еркеназ 3- орын …
Читать далее Мамандықтың үздігі
Мамандыққа бір қадам
2025 жылдың 25 ақпан күні «Техникалық пән әдістемелік бірлестігі» үшкүндігі, «Жұмысшы мамандығы жылы», «Кәсіптік бағдар беру» жұмыстары аясында ұйымдастырылған мектеп оқушылары арасында «Мамандыққа-бір қадам» атты конкурс болып өтті. Конкурсқа қатысушылар «Темір жол көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша тапсырмалар орындап, темір жол саласы бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Қала мектептерінен 9-сынып …
Читать далее Мамандыққа бір қадам
Волейбол жарысы.
2025 жылдың 22 ақпан күні «Салауатты Жастар» клубының ұйымдастырумен колледж студенттері арасында волейболдан жарыс болып өтті.Жарысқа қатысушылар әр командада 3 ұл және 3 қыз болып өнер көрсетті. Әр курстан жиналған 4 құрама команда өз шеберліктерін көрсетіп,тартысты ойын жасады. Жарыс жеңімпаздары: 1-орын — 4 курс студенттері құрама командасы. 2-орын- 3 курс құрама командасы 3- орын 2 …
Читать далее Волейбол жарысы.
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейде» кәсіптік бағдар беру
2025 жылдың 25 ақпаны «Абай атындағы №2 мектеп-лицейде» кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыстар атқарылды.Гуманитарлық мамандықтар бойынша Гулназ Ернатбековна таныстырса, Айнур Ерикжановна техникалық мамандықтар бойынша ақпарат беріп өтті.Колледжіміздің ШК-22-9 тобының студенті Түсенов Нұрдос «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы бойынша түсіндіріп, жұмыстарымен таныстарды.Жауапты оқытушылар:Г.Е. ДукенбаеваА.Е. КалибековаС.А. Аделканова