“Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемелер бірлестігінің” ашық отырысы

Желтоқсан айының 07 күні педагогикалық үшкүндік аясында «Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемелер бірлестігінің» ашық отырысы болып өтті. 

Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:

“1.Ұлттық құндылықтың бастауы  – сапалы білім мен саналы тәрбиеде.”✓ “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында пән бірлестігінің атқарылған жұмыстары.(Жахметова Б.К.)

2. “Кәсіптік тәжірибе- болашақ маманның шыңдалу мектебі.” (Төлеген П.Қ.)✓ Кәсіптік тәжірибе бойынша оқу құжаттары,жұмыс бағдарламалары;✓ Машық түрлері бойынша әдістемелік нұсқаулар;✓ Оқу тәжірибесі-кәсіптік шыңдалудың алғашқы баспалдағы;  (Дүкенбаева Г.Е)✓ Машықкерлердің портфолиолары бойынша көрме.

3. “Жарқын елдің шамшырағы — жас маман” (Калкенова Э.И.)✓ “Бастауыш білім беру педагогикасы және мамандығы” бойынша түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәлімет беру.

4. Пән бірлестігінің абыройлы белестері. «Біз шәкірттермен мақтанамыз!» (Жахметова Б.К.)

      Пән бірлестігінің ашық отырысына колледж директоры Е.М.Смагулов, оқу ісі орынбасары К.Д.Махатова, тәрбие ісі орынбасары З.А.Сыйырбаева, бөлім меңгерушілері: А.М.Каденова, С.О.Ерменбетова, оқытушылар ұжымы қатысып, бірлестік жұмысымен жан – жақты танысты «Ұлттық құндылықтың бастауы  – сапалы білім мен саналы тәрбиеде» дегендей, саналы тәрбие   негізінде  алынған  білім ғана  сапалы болады  деген  қорытынды жасалды.

Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры, негізгі арқауы, діңгегі. Адам жанын игілікпен, ізгілікпен қуаттандырып, адами құнды қасиеттермен қанағаттандырады. Біртұтас тәрбие бағдарламасын  іске асыруда бірлестік мүшелері  біршама нәтижеге бағытталған жұмыстар атқарды.  Күн тәртібінде қарастырылған әр мәселе бойынша жауапты оқытушылар жан – жақты тоқталып өтті. Педагогикалық тәжірибенің әр түрінен әдістемелік нұсқаулар ұсынылып,  тәжірибе құжаттарынан көрме ұйымдастырылды.

Пән бірлестігінің абыройлы белестерімен, оқытушы, студент жетістіктерімен таныстырылды.

              «Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемелер бірлестігінің» үшкүндік жұмысына әкімшілік тарапынан жоғары баға берілді.

Ұйымдастырушы: пән әдістеме бірлестігінің жетекшісі: Жахметова Балжан Кошкимбаевна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *