
20.04.2023ж күні Қарағанды қаласында Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 70 жылдығы және ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдық мерейтойлары қарсаңында өткен «ПОЭЗИЯ ӘЛЕМІНДЕ» атты Облыстық жас ақындар мүшайрасына ОП-22-9т студенті Серикова Еркеназ, АВТ-22-9т студенті Кенжехан Олжас қатысып бақтарын сынады. Екі студент мерейтойларға арнап, өздері өлең шығарып, халықтың алдында жатқа оқып берді. ОП-22-9т студенті Серикова Еркеназ 3-орын алып, дипломмен марапатталды. АВТ-22-9т студенті Кенжехан Олжасқа қатысқаны үшін алғыс хат берілді.
Омарова С.Ж.
Комментарии