«Сөйлеу мәдениеті» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды

2024 жылғы 26 наурызда Балқаш қаласындағы Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің студенттеріне «Сөйлеу мәдениеті» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. 

Колледж әкімшілігімен келісе отырып, аталған іс-шара Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы  Ресурстық тіл орталығымен бірлесе өткізілді. 

Семинар-тренинг  спикері орталықтың бөлім меңгерушісі Жақан Жұпар өз дәрісінде:

— мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру;

— қазақ тілінің қолданыс аясын арттыру;

— ауызекі сөйлесімде тіл тазалығын сақтау;

-ойды қысқа әрі нұсқа жеткізудің маңыздылығы туралы сөз қозғап, жастар аудиториясында «сәнге айналған»  варваризм мен жаргондар, сленг сөздердің тіл мәдениетін сақтауға кері әсері бар екенін нақтылы мысалдармен дәлелді түрде жеткізді. 

Талданған тақырыпқа студенттердің қызығушылығы  жоғары болып, кері байланысқа шығып отырды. 

Семинар-тренингке колледж студенттері мен оқытушыларынан барлығы 70 адам қатысты. Өз мәнінде ұйымдастырылған іс –шарадан болашақ мұғалімдер  құнды мәліметтер алды.   

Ұйымдастырушы: педагогика, психология және жеке пәндер бірлестігі жетекшісі Жахметова  Балжан Көшкімбайқызы.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *