Салауатты өмір салты мен спорт — егіз. Болашақ ұрпақтың дені сау, спортқа бейім болып өсуі мектеп қабырғасындағы дене шынықтыру сабағынан басталатыны сөзсіз. Сондықтан да бұл пәннің өз дәрежесінде өтуінің маңыздылығын біздің колледж білім алушылары да жақсы түсінеді, әрі мектепте өтетін байқау сабақтарына тиянақты дайындалады. Болашақта бастауыш мектептің мұғалімі мамандығына оқитын білім алушылар бүгінгі күні Әлихан Бөкейханұлы атындағы, Әл Фараби атындағы, Бауыржан Момышұлы атындағы және Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектептерде дене шынықтыру пәнінен байқау сабақтарын өткізуде. Мектептерде машықтанушылардың сабақ өткізуіне тиісті жағдай толық жасалған деуге болады. Оларға тәжірибелі тәлімгерлер көмек көрсетеді
Алиманова С.Н
Комментарии