16 қараша күні ШК-22-9 тобында қазақ әдебиеті пәнінен «Ш.Мұртаза. «Тәуекел той» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді. Сабақ мақсаты: әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну, әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу. Қара сөздің майталманы Ш.Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы, «Тәуекел той» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы туралы жаңа білімді меңгерту мақсатында топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізілді. Сабақтың сапасын, студенттердің белсенділігін арттыруда оқытудың тиімді әдістері қолданылды. «Дана үкілер техникасы бойынша мәтінмен жұмыс жасалды, «Тәуекел той» әңгімесінде көтерілген әлеуметтік мәселені талдап, идеясын анықтады. «Бір сөйлеммен түйіндеу», «Фишбоун» әдісі, «Үш жақты күнделік», «Жер қыртысы» әдісі жаңа білімді бекітуге ықпал етті. «Тілек беті», «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы студенттермен кері байланыс жасалды. Тақырыпты жан –жақты ашу мақсатында жазушының әдеби мұрасы жайында деректі фильм, қосымша мағлұматтар, презентациялар ұсынылды.
Ашық сабақ әдістемелік, педагогикалық тұрғыдан талапқа сай, жоғары деңгейде өтті.
Оқытушы: Жахметова Б.К.
Комментарии