
Оқу-сауаттылық апталығы қарсаңында Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде «Біртұтас тәрбие» бағарламасының «Балалар кітапхансы» аясында 23 сәуір дүниежүзілік кітап күніне орай «Шын жүректен кітап сыйла» челленджін ұйымдастырды.
Іс — шараға кітапханашылар мен студенттер қатысты. Өздерінің оқыған кітаптарын басқаға сыйлады. Бұл іс — шараның мақсаты: оқырмандарды рухани адамгершілікке баулу, ақын — жазушылардың шығармаларын насихаттау, кітапханаға оқырман тарту. Іс шараға 1,2-ші курс студенттері белсенділік танытып, өздерінің оқыған кітаптарын бір — біріне сыйға тартты. Бұл іс- шара барысында директордың оқу — ісі жөніндегі орынбасары К.Д. Махатова кітапханаға Кемел Тоқаевтың кітабын сыйға тартты. Челленджге белсене қатыстысқан оқырмандарға алғыс білдіреміз!


Комментарии